$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Батыс өңірлерде қатты ыстық болады

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде
© Фото: «Росбалт»,

Синоптиктер 11 шілдеге арналған метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, жел болып, еліміздің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары