$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық статистика бюросы соңғы бір жыл ішінде баспана құнының қанша пайызға қымбаттағанын жариялады

Пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі Қызылорда қаласында

Ұлттық статистика бюросы соңғы бір жыл ішінде баспана құнының қанша пайызға қымбаттағанын жариялады

Соңғы бір жыл ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімедеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өскен (27,9%-ға). Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%) байқалса, тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласы  (48,3%) көш басында тұр.

Жаңа тұрғын үйлердегі 1 шаршы метрдің орташа бағасы 423 705 теңгені құраса, пәтерлерді қайта сатуда 1 шаршы метр 465 515 теңгеден бағалануда.

Серіктес жаңалықтары