08.07.2022, 08:34
Жаңалықтар
Уимблдон турнирінің финалына шыққан Рыбакина пікір білдірді
Елена Рыбакина 1-2 финалда Симона Халепті екі сетте ұтты
©championat
Уимблдон турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакина тарихи жетістігімен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.
"Керемет ойын болды. Симонамен осыған дейін тартысты мачттар өткізгенбіз. Бүгін өзім жоспарлағандай барынша жинақы болдым. Сапалы ойын өрнегін көрсеткенім үшін өзіме ризамын. Әрине, толқыныс сезімі болғаны рас. Әдетте сары уайымның салдарынан жиған-терген тәжірибеңді көрсете алмайтын кездер болады. Бұрын орталық кортта ойнамағанмын. Алайда бүгін негізгі кортқа шыққанымда аса қатты толқығаным жоқ. Жанкүйерлердің керемет қолдауы, турнирдің атмосферасы қосымша күш берді. Психологиялық тұрғыда бұл ойынға дайын болдым", - дейді Рыбакина.
Еске салайық, Рыбакина 1-2 финалда Симона Халепті екі сетте ұтты. Есеп 6:3, 6:3. Енді финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Тунис халқының маңдайына біткен теннисшісі Унс Жабермен кездеседі.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)