Жаңбыр жауады: 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады
Синоптиктер 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, орталықта, күндіз солтүстікте нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Оның ішінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде нөсер жауын жауады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.