07.07.2022, 22:32
Спорт
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты
Ол еліміздің атынан жекелей сында финалға дейін жеткен алғашқы теннисші атанды
фото: "Уимблдон"
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жартылай финалда WTA рейтингінде 23 орында тұрған Рыбакина 18 орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті.
37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейма барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты.
Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды