Салықтан жалтарған елордалық кәсіпкер 1 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты «ЖилОтделСтрой» ЖШС-нің басшысына қатысты үкім шығарды
Салықтан жалтарған елордалық кәсіпкер 1 жылға сотталды және 138,5 млн теңге көлеміндегі салықты мемлекетке төледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ЖШС басшысы нақты жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмесе де декларацияға шығыстар туралы жалған деректер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған.
Жаза тағайындау кезінде сот Рақымшылық жасау туралы заңды қолданды. Сот осы заңның талаптарын ескере отырып, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін тиісті жаза мерзімін жартылай қысқартып, 1 жыл бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындады.
«Сонымен қатар мемлекет кірісіне 138, 5 млн. теңге төленбеген салықтар өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.