06.07.2022, 02:23
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындарын хабарламаған мектеп басшылары жауапкершілікке тартылады – министр
Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына ескерту жасады
фото: kapital.kz
Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жасырған мектеп басшылары жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кей мектеп директорлары бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы жарияламайды немесе жасыруға тырысады. Алайда педагогтерді жұмысқа қабылдаудың заңда бекітілген тәртібі мен жауапкершілігі бар. Бос орындар туралы ақпарат 5 күннен кешіктірілмей жарияланып, конкурс арқылы білікті мұғалімдерді ғана жұмысқа қабылдау керек. Осы тәртіпті бұзған мектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертемін», - деді Асхат Аймағамбетов.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды