05.07.2022, 16:51
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды
Былтыр 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын
Фото: gov.kz
Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зияткерлік сайыстар 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында офлайн форматта өткен.
Биыл олимпиадаға әлемнің 19 елінен 81 бала қатысқан. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.
«Қазақстан географиялық жағынан Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналаспағандықтан, олимпиадаға жыл сайын қонақ ел ретінде қатысады. Осы жылы ұлттық құрама қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Тараз қалаларынан 6 оқушы кірді. Олардың әрқайсысы жарыста медаль жеңіп алды және біз мұны мақтан тұтамыз. Жалпы командалық есепте Қазақстан 5-орынды иеленді. Елімізде Балалар жылы аясында дарынды оқушылар мен олимпиадашыларға белсенді қолдау көрсетіліп жатқанын да атап өту керек. Бұдан былай гранттар мен стипендиялар тек ЖОО-дан ғана емес, мемлекеттен де беріледі. Ол үшін оқушылар Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) сияқты жарыстарға қатысып, жеңіске жетуі керек», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жұмагелді.
Былтыр қазақстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік.
Көп оқылған
04.05.2026, 13:32
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте бір топ бала жабылып, 1-сынып оқушысын ұрып кетті
04.05.2026, 12:23
Ирандық инвесторлар Қазақстандағы ірі агрожобаларға миллион долларлап ақша құятын болды
04.05.2026, 15:59
Астанада қайғылы жағдай: аула ішінде 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.05.2026, 16:45
Аптап ыстық күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы 36 градусқа дейін барады
04.05.2026, 09:41
Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін
04.05.2026, 11:56
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін 1,8 млрд теңге бөлетін болды