$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада ТЖД-ның лауазымды қызметкері 5 млн теңге пара алу бойынша күдікке ілінді

Антикор елордалық стадионды апатты деп тану үшін пара алу фактісін тергеуде

Елордада ТЖД-ның лауазымды қызметкері 5 млн теңге пара алу бойынша күдікке ілінді
Фото: Tengrinews.kz

Антикор Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты жағдайда деп тану үшін 5 млн теңге пара алу фактісін анықтап жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары