Алматыда үшінші темір жол вокзалы салынады
2030 жылға дейін Талғар трактісі мен «Жоғарғы Қаскелең» трассасы кеңейтіледі

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы мен оның маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін Электр пойызын іске қосамыз, Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысын бастаймыз», - деді Ерболат Досаев.
Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін – Құлжа трактісі мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен «Жоғарғы Қаскелең» трассасын кеңейтеміз, деді Ерболат Досаев.
Әкімдік тарапы, қалаға негізгі қақпалардан кіретін трафикті жеңілдетуге бағытталған 4 көлік-ауысып отыру хабын ұйымдастыруды да көздеп отыр.
«Батыс бағытта 3 жаңа метро станциясы салынады. Алматы метросын одан әрі дамыту аясында солтүстік бағытта Алматы-1 теміржол вокзалына дейін метроны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады. Осы жылдың қазан айына дейін Төле би көшесінде ЛРТ дамыту жөнінде шешім қабылданады. Біз велокөлікті белсенді қолдауға ниеттіміз, сондықтан жыл сайынғы қаржыландыру негізінде келесі жылдан бастап веложолдардың ұзындығын 2025 жылы 60 км-ге дейін және жыл сайынғы қаржыландырумен 2030 жылы 125 км-ге дейін 2 есе ұлғайтамыз», - деді Алматы қаласының әкімі ерболат Досаев.