$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы қаласы коронавирус көрсеткіші бойынша «сары аймаққа» өтті

Ауруханаға түсіп жатқандардың 80 пайызы – мүлдем екпе алмаған

Алматы қаласы коронавирус көрсеткіші бойынша «сары аймаққа» өтті
Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы коронавирустың өршуіне байланысты «сары аймаққа» өтті. Қалада карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ведомствоаралық комиссияның ұсынысына сәйкес, карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Қазір Алматы қаласының бас санитария дәрігері қаулы дайындап жатыр. Барлық тұрғындарды екпе алуға, ревакцинациядан өтуге шағырамыз. Өйткені, коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандардың 80 пайызы – мүлдем екпе алмаған және соңғы алты айдың ішінде вакцинаның үшінші дозасын салдырмаған азаматтар», - деді Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана.

Еске салайық, бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткішінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда мынадай шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылданған еді:

  • Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Айта кетейік, «сары аймақта» Алматы қаласы, ал қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #карантин