$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс депутаттары Қонаев қаласындағы мектеп құрылысымен танысты

Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты – 2023 жылдың қантар айы

Мәжіліс депутаттары Қонаев қаласындағы мектеп құрылысымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – Мақпал Тажмағамбетова мен Жанна Телпекбаева Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның сайлауалды жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйысдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты – 2023 жылдың қантар айы. Жобаның жалпы құны – 2 100 876 678.43 теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы 50 пайызға аяқталды.

«Бұл нысанның құрылыс жұмысына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмысына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылап отыр. Сондай-ақ ғимарат келесі жылы толығымен пайдалануға беріледі», - деді мердігер Бекзат Молдабеков.

Құрылыс жұмысын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.

«Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамыз етілуін, барлық стандарттарға сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың дұрыс орналасуына да бақылау қажет», - деді Мәжіліс депутаты Мақпал Тажмағамбетова.

Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалмақ. Мектепте оқу кабинеттерімен қатар, технологияларды өңдеу шеберханасы, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, медицина кабинеті болады.

Сонымен қатар, халық қалаулылары қала әкімшілігіне мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініштеріне құлақ түріп, білім саласындағы мәселелерді назарға алатындарын жеткізді. Білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керек екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары