$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесі кейінге шегерілді

Бұған әлемдегі қазіргі жағдай себеп

Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесі кейінге шегерілді
Фото ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесін кейінге шегерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, барлық портфельдік әуекомпания арасында «AirAstana» IPO-ға барынша дайындалды. Бірақ әлемдегі қазіргі жағдайға, соның ішінде Еуразияның еуропалық бөлігіндегі қақтығысқа байланысты биыл IPO-ға шықпау және келесі инвестициялық мүмкіндікті күту туралы шешім қабылданып отыр.

 «Бұл ретте біз компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын әлеуетті, стратегиялық инвесторлармен белсенді жұмысты бастап кеттік», - деп түсіндірді ұлттық қор басшысы.

Еске сала кетсек, биыл мамырда «Самұрық- Қазына» әл-ауқат ұлттық қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев AirAstana-ны IPO-ға шығару туралы шешім жазда қабылданатынын хабарлаған еді. Бұған дейін ұлттық қор басшысы «ҚазМұнайГаз» акцияларының AIX және KASE алаңында IPO-ға шығатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары