$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы: 29 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн қатты ыстық болады

Ауа райы: 29 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн қатты ыстық болады
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ болуы ықтимал, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күші 30 м/с қатты жел соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде өте қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #болжам