$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да заңсыз жалға берілген жерге қатысты 16 арыз сотта қаралып жатыр

Заңбұзушылықтарды жою туралы 22 нұсқама берілді

СҚО-да заңсыз жалға берілген жерге қатысты 16 арыз сотта қаралып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында кезінде заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Бұл туралы СҚО-да өткен жер мәселесіне қатысты өңірдің ведомствоаралық кіші тобының кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Жиында атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берілді. Заңды бұза отырып берілген және пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық кіші топ қазіргі мораторий жағдайында да тапсырмаларды іске асыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 140,2 мың га алқап бойынша 30 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 80 мың га жерге қатысты 22 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтарды жою туралы 22 нұсқама берілді, ол 20 есе ұлғайтылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін СҚО мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Жалпы жүргізілген жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр. Тек биыл бұған дейін заңсыз таратылған және бос жатқан 58,8 мың га алқап ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазіргі уақытта өңірдің соттарында жерге қатысты 16 талап арыз қаралып жатыр. Мақсат - ел заңнамасын бұза отырып жалға берілген жалпы аумағы 4,1 мың га жер учаскесіне қатысты шарттарды жарамсыз деп тану.
 

 

Серіктес жаңалықтары