$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2020, 04:46
Жаңалықтар

Ақпан айында ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Алғашқы онкүндікте жауын-шашын жиі жауып, тұман түседі, көктайғақ болады

Ақпан айында ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Ақпан айының бастапқы күндері Атлант мұхитының атмосфералық фронтының ықпалымен еліміздің батыс өңірлерінде, артынша Қазақстанның өзге аумағында жауын-шашын жиі жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.  

6-8 ақпан аралығында еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында қалың қар жауып, жел жылдамдығы 15-25 м/с күшеюі мүмкін. Иран жақтан жылы ауа массасының келуімен артынша ауа температурасы жоғарылауы ықтимал:

- батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8°-ден 0,-5 градусқа дейін, кей жерлерде +3°С дейін, күндіз 0,-5°С-ден 0,+7°С дейін күн жылынады;
- солтүстік, орталық және шығыс аумақта түнде -20-28°С-ден  0,-10°С дейін, күндік -8-15°С-ден -3+2 градусқа дейін жылынып, кей жерлерде -6°С суық болуы мүмкін;
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0,-8 градус, кей жерлерде -13°С-ден -3+2°С дейін, күндіз +2+7°С-ден +5+12°С дейін күн жылы болады.  

Айдың алғашқы онкүндігінің соңында ел аумағында ауа температурасы төмендеп, күн қайта салқындайды:

- солтүстік аумақта түнде -10-20°С, күндіз -5-13°С дейін;
- оңтүстік аумақта түнде -3-13°С дейін, 0,-7°С дейін аяз болады. 

Ұзақмерзімдік ауа райы болжамына сәйкес, айдың екінші және үшінші бөліктерінде циклондар мен антициклондар жиі ауысатындықтан, кейбір аязды күндер жылы немесе қар жауған күндерге ұласып тұруы мүмкін. 

Жалпы, ҚР аумағының басым бөлігінде ақпан айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болады деп күтілуде. 

Ақпанда жауын-шашын мөлшері солтүстік-батыс аумақтарда және оңтүстіктегі тау баурайындағы өңірлерде, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтарда нормадан көп жауады, ал қалған өңірде қалыпты мөлшерде жауады.  

Серіктес жаңалықтары