ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 225 адам індет жұқтырған

Головкиннің кезекті жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Дереккөздің хабарлауынша, Головкин рингке 11 сәуірде шығады

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы спорт шолушысы Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасына жазған. Дереккөздің хабарлауынша, Головкин рингке 11 сәуірде шығады. Оның қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болмақ.

Қазақстаннан басқа, Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Головкин бұрын бірнеше рет туған елінде жекпе-жек өткізгісі келетінін бірнеше рет баса айтқан еді.

Еске сала кетейік, Геннадий соңғы кездесуін 2019 жылдың қазан айында өткізген болатын. Ол  төрешілердің шешімі бойынша Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ал Шеремета сол бокс кештің андеркардында Оскар Кортесті нокаутқа жіберді.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған