26.06.2022, 14:20
Жаңалықтар
Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды
Көптеген ғимарат бүлінген
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды. Сонымен бірге бірқатар елді-мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған. Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды