Қарағанды-Жезқазған бағытындағы пойыз адам қағып кетті
Ер адамның пойыз жолына әдейі түсуі мүмкін деген де болжам бар
Бүгін түнде Қарағанды-Жезқазған бағытындағы пойыз адам қағып кетті. Бұл туралы Патриот телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің маңында болған. Машинист тежегішті едел басқанымен, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Пойыз бен адам арасындағы қашықтық тым қысқа болды. Ер адам қаза тапты. Оның жеке басы анықталды. Ол Жаңаарқа ауданының тұрғыны. Марқұмның не себепті рельске шыққанын тергеу жұмыстары анықтайды.
Оқиға орнында Желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Ер адамның пойыз жолына әдейі түсуі мүмкін деген де болжам бар.
"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы пойызды күрт тоқтату мүмкін емес екенін еске салады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен пойыз қысқа мерзімде тоқтай алмайды. Шұғыл тежеу жағдайында поездың тежелу жолы кемінде 900 метрді құрайды.