$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау-Орал тас жолындағы апаттан 1 адам қаза тапты

Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды

Атырау-Орал тас жолындағы апаттан 1 адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Атырау-Орал тас жолының 41-ші шақырымында Үлкен Шаған ауылының маңында жол апаты орын алып, ВАЗ және Daewoo Nexia көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Апат салдарынан ВАЗ тізгініндегі 1988 жылғы жүргізуші қаза тапты. Daewoo Nexia жүргізушісі Өзбекстан азаматы екені белгілі болды.

БҚО ПД баспасөз қызметі оның рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткенін айтты.

«23 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі ВАЗ көлігіне келіп соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ол ауыр жарақат алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. ВАЗ жүргізушісінің денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, ВАЗ-дағы 44 жастағы жолаушы зардап шекті. Ол облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне жеткізілді», - деп мәлім етті БҚО ПД баспасөз қызметі.

Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.


 

Серіктес жаңалықтары