БҚО-да нан бағасы 200 теңгеге дейін қымбаттап кетті
Наубайханаларда нан бағасы 22 маусымнан бастап көтерілген
Батыс Қазақстан облысында нан бағасы 200 теңгеге дейін дейін қымбаттап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
«Орал дүкендерінде бір бөлкенің құны қазір 200 теңге тұрады. Бүгін нанды жаңа бағамен әкелді», - делінген хабарламада.
Наубайхана жоғары сортты ұннан жасалған нан бағасы бүгін, яғни 22 маусымнан бастап көтерілгенін айтты. Бұрын наубайханалардың сату бағасы 170 теңгеден болса, қазір 190 теңгеге дейін көтерілген. Бағаның қымбаттауы ұн, сары май мен қанттың қымбаттауына байланысты болып отыр.
Наубайхана қызметкерлері сонымен қатар, барлық кондитер өнімінің бағасы тағы 20 теңгеге қымбаттағанын атап өтті. Сол себепті дүкендерде жоғары сортты бір бөлке нан бағасы 200 теңгеге көтерілген.
Қалалық наубайханалардың бірінің меңгерушісі де осындай жағдайға тап болып отырғанын және қазір бір нанды 190 теңгеден шығарып жатқанын айтты.
«Жоғары сортты ұнның бір келісі 170 теңгеден болса, қазір 190 теңге тұрады, сондықтан баға көтерілді. Нанға қосылатын барлық қоспа да қымбаттады. Баға осымен шектелмеуі мүмкін, өйткені өзімізде ештеңе өндірілмейді. Қант шығармаймыз, ұн көрші Ресейден де қымбат, ал рубль өсіп жатыр. Егер өз ұнымыздан нан пісірсек, бір бөлке 250 теңге тұрар еді», - дейді сату менеджері.
Әзірге ауыл шаруашылығы басқармасынан түсініктеме алу мүмкін болмады.