$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жерді қайтаруға әкімнің шамасы жетпейді немесе оның «интересі» бар – Мақсат Толықбай

«Жер аманаты» комиссиясының мүшесі жер мәселесін шешіп бере алмаған әкімдерді орнынан босату мәселесі де қарастырылатынын айтты

Жерді қайтаруға әкімнің шамасы жетпейді немесе оның «интересі» бар – Мақсат Толықбай
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік өңірде бос жатқан ауылдар көп, бірақ шаруашылықпен айналысайын десе жер жоқ. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында өткен брифингте «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Мақсат Толықбай айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазақстан жайылымды жер бойынша әлемде 5-ші орында деп мақтанамыз. Басқасын айтпағанның өзінде Солтүстік өңірде бос жатқан ауылдар көп, бірақ шаруашылықпен айналысайын десе жер жоқ. Оның артында кім тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. Ашығын айту керек, кейбір жерді қайтаруға әкімнің шамасы жетпейді немесе оның «интересі» бар. 

Бүгін комиссия отырысына Бас прокуратура мен жер мәселесіне жауапты министрлік өкілдері келді. Олардың да бұл мәселені шешуге шамасы жетпей отыр. Олар әбден тамырланып алған. «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – нақты шешім қабылдау. Иерілмей жатқан немесе заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен жерді қайтару процесімен айналысамыз. «AMANAT» партиясының ресурсы үлкен. Егер жергілікті ақтарушы органдар айтқанға көнбейтін болса, соттасуға дейін баруға дайынбыз», - дейді М. Толықбай.

Мақсат Толықбай тіпті, жер мәселесін шешіп бере алмаған әкімдерді орнынан босату мәселесі де қарастырылатынын айтты. Бұл тек партия шеңберімен шектелмейді. Жер мәселесін көтеріп жүрген, әр өңірдегі жағдайдан хабары бар азамат комиссияға мүше бола алады.

Серіктес жаңалықтары