$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

30 жыл ішінде жайылымдық жерді шенділер мен бай-шонжарлар алып қойған – Ерлан Саиров

Ауыл тұрғындарына жайылымға және егіншілікпен айналысуға жер жетпей жатыр

30 жыл ішінде жайылымдық жерді шенділер мен бай-шонжарлар алып қойған – Ерлан Саиров
Фото: azh.kz

Аймақтарда 30 жыл ішінде жайылымдық жерді сол өңірдегі шенді-шекпенді, бай-шонжарлар алып қойған. Қай ауылға барсаң да, еңкейген кәріден жастарға дейін жер мәселесін көтереді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында өткен брифингте Мәжіліс депутаты, «Жер аманаты» комиссиясы мүшесі Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына жайылымға және егіншілікпен айналысуға жер керек.

«Жер қатынастары жөніндегі заң бойынша әрбір ауылдың айналасындағы 5-10 шақырымдағы жердің бәрі сол өңір азаматтарының жалпы пайдаланатын жері деп жазылған. Жер қатынастары жөніндегі жаңа заң бойынша егер белгілі бір жер телімі босайтын болса, оны алуға алдымен елдімекенде тұратын азаматтардың құқығы бар. Өкінішке қарай, заңдағы талапты жергілікті аудан және ауыл әкімдері орындамай отыр.

Екінші мәселе, кезінде ірі латифундистер жымқырған, бірақ бүгінге дейін пайдаланылмай келе жатқан жерді иелері не өздері пайдаланбайды, не басқа азаматтарға пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Сондай жерді халықтың игілігіне қайтарып беруіміз керек. Сол арқылы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға нақты жағдай жасаудың маңызы зор», - деді Е. Саиров.

Оның айтуынша, кезінде көптеген олигарх ауыл халқының нарықтық қатынас заңдылығынан хабарсыз екенін пайдаланып, жерді алдап банктерге сатқызып жіберген. Қазір осы мәселе еліміздің бірқатар өңірінде аса өзекті болып отыр.

Серіктес жаңалықтары