$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекет меншігіне қайтарды

17 аймақтық комиссия құрылды

«AMANAT» партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы бірнеше ай ішінде Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымды жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жер – елге аманат, ел – ерге аманат» деген бар. Сондықтан жер мәселесін шешетін уақыт келді. «Жер аманаты» комиссияның міндеті – пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекеттік меншікке қайтаруға көмектесу және ауыл тұрғындарына қолжетімді ету. Жасыратыны жоқ, олигополия тек орталық деңгейде ғана емес, аудандық, өңірлік деңгейде де бар, біз олармен тоқтаусыз күресеміз», - деді Дәулет Кәрібек.

Оның айтуынша, жерді қайтару меморандум және мемлекет меншігіне қайтып алу бойынша іске асты.

«Алдағы уақытта комиссияға келіп түскен арыз-талаптар негізінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, сол сияқты Алматы қаласына барып, тұрғындардан келіп түскен шағымдарды қарау, осы облыстардағы жер мәселесін шешу жоспарланып отыр. Ауылды елді мекендермен қатар, қалалардағы құрылыстың тығыз салынуына да назар аударамыз. Одан бөлек, 17 аймақтық комиссия құрылды. Олар да аталған мәселені өз деңгейінде қарастырады. «Жер аманаты» комиссиясының жұмысына көптеген ұсыныстар келіп түсуде. Соның бірі мониторингтік топ құру. Яғни, қай жердің қаншалықты деңгейде пайдаланылмай жатқанына талдау жасалып отырылады», - деді Дәулет Кәрібек.

Серіктес жаңалықтары