Пайдаланылмай жатқан жерге салынатын салық қазір 20 есеге артты – Сағадат Дүйсенов
Пайдаланылмай жатқан жерге салынатын салық бұрын 10 есе ұлғайтылған
Мәжілістің қарауына жер учаскесін пайдаланбағандарға әкімшілік құқықты күшейту бойынша заң жобасы жіберілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында өткен брифингте АШМ-ге қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті жерді пайдалану мониторингі және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының басшысы Сағадат Дүйсенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою 2 жылдан 1 жылға қысқарды. Екінші мәселе, пайдаланылмай жатқан жерге салынатын салық бұрын 10 есе ұлғайтылған болса, қазір 20 есеге артты.
Ең басты мәселе бұған дейін әкімдіктің қарамағында болған Жер инспекторы басқармасы Жер ресурстарын басқару комитетіне қайтарылды. Бүгінде жерді пайдалану бойынша 224 тексеріс құжаты тіркелді. Бұл 340 мың гектар жерді қамтиды. Тағы 85 құжатты тіркеу аяқталғаннан кейін жерді иелікке алып оны пайдаланбағандарға нақты қандай айыппұл қолданылатыны жөнінде ақпарат береміз», - дейді С. Дүйсенов.