17.06.2022, 03:46
Жаңалықтар
Әлемде 770 млн-ға жуық адам әріп танымайды
Олардың үштен екісі – нәзік жандылар
Фото ашық дереккөзден
Жер бетінде 770 млн жуық адам әріп танымайды. Бұл әлем халқының 10 проценті. Мұндай деректі ЮНЕСКО ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ЮНЕСКО мәліметіне сүйенсек, олардың үштен екісі – нәзік жандылар, ал 126 миллионы – жастар.
Сауаттылығы ақсап тұрған өңірлердің тізімінде Африка елдері басым. Әсіресе Сомалидегі жағдай өте қиын. Онда ел тұрғындарының 5 проценті ғана жазып, оқи алады. Ауғанстандағы жағдай да көңіл көншітпей тұр.
ЮНЕСКО басшысы ересектер арасында білім алуды жетілдіру үшін барынша тиісті шараларды қолға алу керек деп дабыл қағады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді