$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада қоқыстан газ өңдеу жөніндегі эко-жоба таныстырылды

Мамандардың айтуынша, жоба тек қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ерекше маңызды

Астанада қоқыстан газ өңдеу жөніндегі эко-жоба таныстырылды

Елорданың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жасыл экономиканы дамытуға және қоқыс жинау мен оның салдарын шешуге бағытталған эко жоба таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен «Астананың Эко полигоны» ЖШС және «PRG» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының ҚТҚ полигонында электр энергиясын ала отырып, қоқыс газын қайта өңдеу жүйесінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін әзірлеп, орнатты. Әзірлеу негізіне шет мемлекеттердің тәжірибесі алынды.

Мамандардың айтуынша, жоба тек қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ерекше маңызды.

«Біз «Астананың Эко полигоны» ЖШС және «PRG» ЖШС бірлесіп, қоқыс газын қайта өңдеу бойынша зерттеу жүргіздік, бұл процесс электр энергиясын алу үшін пайдалануға болатын микроорганизмдерден биомассаны оттексіз ортада биогазға айналдырудан тұрады.

Осының негізінде пилоттық жобаны жүзеге асыру және одан әрі ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды», - деп хабарлады елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.

Қоқысты электр энергиясын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану жасыл экономикаға көшу жолындағы мақсаттарға қол жеткізудің тағы бір қадамы болуы мүмкін.

Әзірлеу былайша жұмыс істейді: газ шығару құбырлары полигонға орнатылады, газ магистралі сүзу жүйесіне тартылады, қоқыс газы қоспалардан тазартылады, нәтижесінде энергия өндіретін генератор үшін отын ретінде қызмет ететін биогаз пайда болады.

«Астананың Эко полигоны» ЖШС және «PRG» ЖШС басшылығына қалалық полигонның жабық 1 ұяшығы базасында пилоттық жобаны іске асыруға қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен осы жоба өз жалғасын тауып, инвесторлардың назарын энергияға қайта өңдеуге аударады деп шын жүректен үміттенемін», - деп қосты Әлия Қожабаева.

Серіктес жаңалықтары