Алматыдағы оқу орны бір кітапты 117 млн теңгеге сатып алмақ болған
Бұл туралы Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті

Биыл Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде 117 миллион теңгеге бір дана кітап сатып алу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rúhy тілшісі.
Аталған ведомство мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында кітап сатып алу барысындағы бағаны көтеру фактісін анықтаған.
"Мониторинг барысында сипаттамаларда тауардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы жоқ екені анықталды", – деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жіберіліп, онда жоспарланған жұмыс бойынша бір кітап емес, бір лот көрсетіліпті.