Украинада оқып жүрген үнді студенттері Қазақстанға ауысуы мүмкін

Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті

 
Украинада оқып жүрген үнді студенттері Қазақстанға ауысуы мүмкін
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Украинада оқып жүрген 200-ге жуық үнділік студент Қазақстанға ауысуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Үндістан үкіметі бізге ресми түрде  жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Кездесуде Украинада жиырма мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы, біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын», - деп тілшілерге жауап берді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін.

Министр шетелдік студенттердің оқу ақысын өздері төлейтінін, Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндігін қарай шетелдік студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылатынын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.