13.06.2022, 22:27
Жаңалықтар
Елордада қатты желден мұнара краны құлады
Зардап шеккендер жоқ
Фото ашық дереккөзден
Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады. Бұл туралы ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», - делінген комитет таратқан хабарламада.
Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ.
Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы