$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

15 жыл бұрын адам өлтірген қазақстандық Ресейде ұсталды

Ол 2007 жылдан бері халықаралық іздеуде болған

15 жыл бұрын адам өлтірген қазақстандық Ресейде ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Осыдан 15 жыл бұрын адам өлтірген қазақстандық азамат Ресейде ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Осыдан 15 жыл бұрын адам өлтірген қазақстандық Ресей аумағында қолға түсті. Павлодар облысының криминалдық полициясының іздеу тобы ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Барнауыл қаласында құқық қорғау органдарынан жалтарып жүрген күдіктіні ұстады», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның атап өтуінше, 40 жастағы Қазақстан азаматы 2007 жылы Павлодар қаласындағы «Х-сайт» клубы жанында адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Қанды оқиға орын алған күні ол павлодарлық бизнесменді күзетіп жүрген және клуб алдындағы көлік тұрағы үшін өзге адаммен ерегісіп қалған.

«Ерегіс барысында ол тегіс ұңғымалы қарумен қарсыласын атқан. Павлодарлық полицейлер күдіктінің осы жылдардың ішінде өзге біреудің сауалнама мәліметтерімен Ресей азаматы ретінде жасырынып жүргенін анықтады. ҚР Бас прокуратурасы ұсталған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадациялау мәселесін шешіп жатыр», - деді ІІМ өкілі.

 

 

Серіктес жаңалықтары