ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

Алматы әуежайында коронавирус белгісі бар жолаушыларға арналған палаталар көрсетілді

Оқшауланған палаталар транзиттік аймақта орналасқан

Алматы халықаралық әуежайында оқшауланған палаталар пайда болды. Коронавирусқа күдіктелген жолаушылар әйнектелген бөлмелерге орналастырылады, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі inalmaty.kz-ке сілтеме жасап.  

Оқшауланған палаталар транзиттік аймақта орналасқан. Сегіз орыннан тұрады. Палаталардан бөлек, халықаралық әуежайда коронавирустың таралып кетуіне жол бермес үшін өзге де шаралар қолға алынған.

«Қытайдан келген барлық әуе кемелері перронның алыс тұрақтарына жіберіліп, ұшақтар міндетті түрде дезинфекцияланады. Қытайдан келген жолаушылар мен экипаж мүшелері тепловизорлар орнатылған бөлек залда шекаралық бақылаудан өтеді. Әуежайда санитарлық-карантиндік пункт және қалалық дезинфекциялық станция мамандары тәулік бойы кезекшілік етеді», - деп хабарлады Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустан қайтыс болғандар саны 170-ке жетті. Ал, 7711 адам қауіпті індетті жұқтырған.