ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

«Зенит» жаратпаған Исламхан «Әл-Айн» командасына ауысады – БАҚ

Бауыржан Исламхан - «Тараз» футболының түлегі, ұзақ жыл алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті

Фото: ашық дереккөзден

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, жергілікті «Әл-Айн» командасымен келісім шарт жасаспақ. Қазір қазақстандық футболшы БАӘ-ге медициналық тексерістен өту үшін аттанған, содан кейін 5 ай мерзімге келісім шартқа қол қояды.

«Әл-Айн» клубы БАӘ-ның 13 дүркін чемпионы. Бұл команда 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында мадридтік «Реал» командасымен ойнап, 1:4 есебімен жеңілген. Бұл команданы Кике Санчес Флорес, Златко Далич сияқты танымал бапкерлер жаттықтырған. Қазір команданың бас бапкері – хорват маманы Иван Леко.

Естерізге сала кетейік, жақында Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенит» командасына шақырту алды. Алайда, «Зенит» басшылығы аз ғана уақыт ресейлік клубтың базасында жаттыққан Бауыржан Исламханмен келісім шарт жасаудан бас тартты. 

Б. Исламхан «Зенит» сапында бір ғана матчта өнер көрсетіп, 25 қаңтарда аустриялық «Зальцбург» командасына қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда ойнады. Бұл кездесу 6-3 есебімен «Зальцбургтың» жеңісімен аяқталып, қазақстандық футболшы матчты айтарлықтай жоғары деңгейде өткізе алмады.