Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану орындарының біріне барған 64 адам уланып қалды

Azattyq Rýhy

64 науқас медициналық көмекке жүгінді, оның 52-сі ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану орындарының біріне барған 64 адам уланып қалды
Фото: economist.kg

Елордада қоғамдық тамақтандыру орындарының біріне келушілердің жаппай улануы тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мекемені жоспардан тыс тексеруді бастады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша 9 және 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына қаланың емдеу ұйымдарынан тағамнан улануды тіркеу туралы шұғыл хабарламалар келіп түсті. Барлық науқастар өз ауруын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырды.

«Жаппай тамақтан улануды тіркеу жағдайы бойынша Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Байқоңыр ауданының полиция басқармасына ақпарат жіберді. Келіп түскен ақпарат негізінде полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және ҚР ҚК 304-бабының қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге қабылданды.

Байқоңыр ауданының басқармасымен 2022 жылдың 10 маусымында қылмыстық іс аясында қоғамдық тамақтану объектісін жоспардан тыс тексеру басталды.

Тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды: объектінің мәлімделген жобалық қуатының нақты сәйкес келмеуі (50 ж. қ. дейін хабарлама берілді, іс жүзінде 50 ж. қ. астам), бүкіл технологиялық процесс ас үйдің бір бөлмесінде жүргізіледі, цехты бөлу (учаскелерге бөлу) қарастырылмаған, технологиялық процестердің ағымы сақталмайды, таңбалауға қойылатын талаптар сақталмайды, дайын тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын сақтау кезінде бөлшектеу мүкәммалын пайдалану және сақтау тауарлық көршілестік қағидаты сақталмайды, қызметкерлерді іріңді және жұқпалы аурулардың бар-жоғын тексеру журналы және т.б. жүргізілмейді», - делінген хабарламада.

Тексеру барысында зертханалық зерттеулерге шайындылар, шикізат пен дайын өнімнің сынамалары алынды. Патогендік микрофлораның тасымалдауына кәсіпорынның 15 қызметкері тексерілді. Нәтижелері жұмыс үстінде.

Бүгінгі таңда 64 науқас медициналық көмекке жүгінді, оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаториялық ем алуда.

Айта кетейік, жоспардан тыс тексеру және эпидемияға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Тамақтан улануды және жұқпалы емес ауруларды болдырмау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халыққа жосықсыз кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан азық-түлік өнімдері мен жарнамалық буклеттер бойынша дайын тағамдарды жеткізу қызметтерінен сатып алмауды және тиісінше оны пайдаланбауды ұсынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.