$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азаматы Грузияға 36 мың долларды заңсыз әкетпек болған

Елімізден 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған

 

Қазақстан азаматы Грузияға 36 мың долларды заңсыз әкетпек болған
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстаннан 36 мың долларды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, оқиға 12 маусымда болған.

«Шымкент – Кутаиси халықаралық әуе рейсіне отыратын жлалушылар тексеру барысында «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан Республикасының А. есімді азаматын анықтады», - делінген комитет хабарламасында.

Азаматтың әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар.  

Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республи10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанкасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және.

Серіктес жаңалықтары