«АрселорМиттал Теміртау» цехындағы апаттан аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтылды

Azattyq Rýhy

Ол жансақтау бөлімінен шығарылды

 

 
«АрселорМиттал Теміртау» цехындағы апаттан аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтылды
Фото: tengrinews.kz

Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апаттан аман қалған адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнындағы шатырдың опырылуынан болған апаттан бір өзі ғана аман қалған жұмысшы жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды.

Іnformburo.kz жазуынша, Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері науқастың есін білетінін, жағдайы тұрақты екенін айтқан.

«Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, оң динамика байқалады. Науқас жансақтау бөлімінен мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Есін біледі, гемодинамикалық көрсеткіштері қалыпты диапазонда. Толық ем қабылдап жатыр», - деді басқарма өкіллдері.

Оқи отырыңыз: «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнындағы қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Еске алсақ, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Құрылысмет» ЖШС цехының шатыры құлап, бес жұмысшы үйінді астында қалған болатын. Апат салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.