Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұл қызметке Назгүл Ерікқызы Сағындықова келді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.

2001-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2005-2018 жылдары «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

Айта кетсек, бұған дейін Руслан Сәкеев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.