$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салатын жарлыққа өзгеріс енгізілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жарлығы жарияланды

Шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салатын жарлыққа өзгеріс енгізілді
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық тұрақтылық туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы қол қойған 2022 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа 2022 жылғы 11 маусымында өзгерістер енгізілді. 

Құжат Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын валютаны әкетуге тыйым салуға қолданылмайтын тармақпен толықтырылды:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның құрылымына кіретін ұйымдардың операциялары;

2) ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған және «кері экспорт» кедендік рәсімімен мәлімделген тазартылған алтынды әкету;

3) ЕАЭО мүшесі болып табылатын мемлекет беретін шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған тазартылған алтынды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тазартылған алтынды әкете отырып, экспорттау);

4) екінші деңгейдегі банктердің төлемсіз немесе айналымға жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуі;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалған өзге де жағдайлар.

Жарлық 2022 жылғы 13 маусымда күшіне енеді.

 

 
Серіктес жаңалықтары