Коронавирустан көз жұмғандар саны 170 адамға жетті
Қытай билігі індетпен күресуге 3,9 млрд доллар бөліп отыр
Қауіпті індет Тибетке жетті. Аталған аймақта вирусты бір адам жұқтырған. Ал, жалпы ауырғандардың саны 7 711-ге жетіп отыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 170 адам көз жұмған деп жазады РИА Новости.
Тибет коронавирус тарамаған Қытайдағы соңғы аймақ болатын. ҚХР Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті аурудың бұл жерге де келгенін ресми мәлімдеді.
29 қаңтардағы соңғы ақпарат бойынша 5 974 адам індетті жұқтырып, 132 адам қайтыс болған еді. Кешелі бері 1 737 жаңа факт тіркеліп, тағы 38 адамның көз жұмғаны анықталды. Олардың 37-сі Хубэй провинциясының, біреуі Сычуань провинциясының тұрғындары. Ал, 124 адамды дәрігерлер үйлеріне қайтарған.
Қытайдың қаржы ұйымдары коронавируспен күреске 3,9 млрд доллар бөлді. Бұл қаражат аурудың алдын алуға және онымен күресуге жұмсалатын болады.