Елордада алғаш рет Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық көрмесі өтеді

Azattyq Rýhy

Туризм индустриясының сарапшылары, үкімет және бизнес өкілдері саланы дамыту мәселелерін талқылайды

Елордада алғаш рет Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық көрмесі өтеді
фото: 24.kz

Маусымның 17-19 аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы  EXPO көрме орталығында, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрілігі мен Kazakh Tourism ҰК-нің қолдауымен  Qazaqstan Live Fest 2022 туризм, спорт және белсенді өмір салтына арналған халықаралық көрме өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Qazaqstan Live Fest көрмесінде еліміздің туристік және спорттық мүмкіндіктерін бағалау үшін туризм индустриясының сарапшылары, үкімет пен бизнес өкілдері, трэвел-блогерлер, саяхат, белсенді өмір салты және спортпен әуестенушілер кездеседі», - деп көрсетті Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұтынушылармен сұхбаттасуға арналған көрсету аймағы, спорттық көрсетілімдер мен жаттығуларға, жаңа өнімдер мен құрал-жабдықтарды сынауға арналған workout аймағы, туризм индустриясы өкілдері, белгілі спортшылар және блогерлермен кездесуге арналған конференц-аймағы жұмыс істейді.

Елімізде тұңғыш рет өткізілгелі отырған бұл көрме осы саланың көптеген мәселелерін жан-жақты талқылап, іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.