Қазақстанда қуаты 1 гигаватт жел электр станциясы салынады

Azattyq Rýhy

ҚР Энергетика министрлігінде ауқымды жобаны іске асыруға бағытталған қағидаттар туралы келісім жасалды

Қазақстанда қуаты 1 гигаватт жел электр станциясы салынады
фото: www.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «TotalEnergies» КТ қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған Қағидаттар туралы келісім жасасты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.

Объекті Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады. Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.