Атырауда шаруалар жұлдызқұрт егістікті жайпап тастауы мүмкін деп алаңдайды

Azattyq Rýhy

Әсіресе Махамбет, Құрманғазы, Индер аудандарындағы алқаптар зардап шегуде

Атырауда шаруалар жұлдызқұрт егістікті жайпап тастауы мүмкін деп алаңдайды
фото: azh.kz

Атырау облысында шалғын көбелек және жұлдызқұртпен қызу күрес жүріп жатыр. Шаруалар  бар ырзықтарынан айрылып қалмау үшін химиялық өңдеу жұмыстарын жасау керек. Бірақ бұл жұмыстардың қаржылық ауыртпалығы толығымен егіс өсірушілердің өздеріне түседі.  Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шалғын көбелек өңірде мамыр айының екінші жартысында пайда болды. Ұзақ жерге тарау мүмкіндігі болғандықтан көршілес Астрахань, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысынан ауамен жетуі мүмкін деп санайды шаруалар.

 Мамыр айының басында осындай қауіп болатыны туралы әлеуметтік желі арқылы облыс фермерлеріне ескертілген.

«Жалпы көбелектердің өсімдіктерге зияны жоқ. Олар өсімдік гүлінің шәрбатымен қоректенеді. Ал жұлдызқұрттар зиянды. Оларды жою керек, - дейді Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Хамидолла Дәулетқалиев. - Шалғын көбелегі аса қауіпті зиянды организмдер немесе карантиндік нысандар тізімінде болмағандықтан оларға қарсы күрес республикалық бюджет есебінен жүргізілмейді, жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін тізімде де жоқ. Сондықтан ҚР «Өсімдіктерді қорғау заңының» 14-5-бабы бойынша жер иесі зиянкеске қарсы өз есебінен күресу шарасын жүргізуге міндетті».

Әсіресе Махамбет, Құрманғазы, Индер аудандарындағы алқаптар зардап шегуде. Дер кезінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілсе, жайылым мен егістікті сақтап қалуға болады дейді мамандар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.