$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды

Ол қамаудағы туысына артықшылықтар жасау үшін осындай қадамға барған

Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды
фото: www.gov.kz

Шымкент тұрғыны тергеу-қамауындағы інісіне артықшылық алу үшін тергеу изоляторының қызметкеріне 1 млн теңге пара бермек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі аралас мекемесінде болды.

49 жастағы ер адам тергеу изоляторының қызметкеріне пара беруге тырысқан.

«Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінген тергеу изоляторының қызметкері жеке тұлғаның 1 млн теңге көлемінде пара ұсынғанын айтқан. Қызметші бұл туралы дереу басшылыққа және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар берген. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен аумақтық ҚАЖД жедел қызметкерлері бірлесіп бірқатар тиісті шаралар қабылдап, заңға қайшы әрекеттің жолын кесті», – деп мәлімдеді өңірлік ҚАЖ департаменттің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#пара беру