$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда зағип жанның ұялы телефонын тартып алған азамат ұсталды

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды

Таразда зағип жанның ұялы телефонын тартып алған азамат ұсталды
фото: novate.ru

Тараз қаласында 22 жастағы жігіт егде адамның көзі көрмейтінін байқап, қолындағы телефонын тартып алып, қашып кеткен.  Патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай оны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы «Редми» маркалы ұялы телефонын тартып алған», - деп көрсетті Жамбыл облыстық Полиция департаменті.

Келтірілген шығын көлемі 67 000 мың теңгені құрайды.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күдіктіні дереу арада ұстаған. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-тармағымен (тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тонау