Семей тұрғынан 25 келі марихуана тәркіленді
Қолға түскен азамат есірткіні жастарға таратпақшы болған
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде, Семей қаласында есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын реттемек болған 38 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Жедел уәкілдер қаскөйді қылмыс үстінде ұстады. Тінту барысында оның үйінен 25 келіден астам марихуана табылды.
«Күдікті марихуананың ірі партиясын 335 полиэтилен пакетке салып, оларды қала жастарына одан әрі сату үшін дайындады. Қазіргі уақытта оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сараланады және соттың санкциясымен ол қамауға алынды», – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.