Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларға қосылмайды – Ермек Көшербаев
Ол Ресей мен Қазақстанның экономикалары тығыз байланыста екенін атап өтті
Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға және Мәскеумен серіктестікке қайшы келетін шаралар қабылдауға ниетті емес. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз Ресей Федерациясына жасалып жатқан санкциялық қысымға қосылмаймыз және серіктестігімізге қайшы келетін қадамдар жасамаймыз», - деді дипломат «Россия 24» телеарнасының эфирінде.
Елші санкция – даулар мен қақтығыстарды шешудің ең тиімді әдісі емес деді. Сонымен қатар, ол Ресей мен Қазақстанның экономикалары тығыз байланыста екенін атап өтіп, АҚШ тарапынан жасалып жатқан шектеу шараларының республика экономикасына да зиян келтіретінін атап өтті.
Көшербаев Қазақстан ешқашан геосаяси ойындарға қатыспағанын және қатыспайтынын да алға тартты.
«Жалпы алғанда, Ресей экономикасының оқшаулануы, жаһандық экономикаға зиян тигізеді», - деп дипломат сөзін түйіндеді.