01.06.2022, 20:34
Жаңалықтар
Ақсай қаласында 41 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Ақсай қаласында 41 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні таңғы сағат 07.30-да болды.
«1981 жылғы ер адам өз қаруымен өзін-өзі атқан. Марқұм есін жия алмастан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқ ер адамның жүрегіне тиген. Ол жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы