01.06.2022, 20:56
Жаңалықтар
Қызылорда облысында түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды
Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қызылорда облысы ПД
Қызылорда облысында далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған орын ҚР Ішкі істер министрлігі және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы барысында белгілі болды.
«Полиция қызметкерлері далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Ол жерден шолақ мылтық, тапанша, оқтар, асхана пышағы, каска, резеңке таяқ (дубинка), темір қол кісені және арнайы киім алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген департамент хабарламасында.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды