$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларының қызметіне шектеу қоя ма?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі елдің жүк тасымалдаушыларына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлады 

Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларының қызметіне шектеу қоя ма?

Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларының қызметіне шектеу қоймайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ұлттық автомобиль тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі заңнамада үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалына  шектеулер енгізіледі, оның ішінде "қайта тиеу" бойынша.

Қазақстанда аталған талаптар 2017 жылы Инвестициялар және даму министрлігінің "Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен енгізілді.
Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасында 200 АЕК (АТС жүргізушілеріне) және 500 АЕК (заңды тұлғаларға) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұл ретте, "қайта тиеуге" тыйым салатын талаптар шетелдік тасымалдаушылармен қатар қазақстандық тасымалдаушыларға да бірдей дәрежеде қолданылады.

Осыған ұқсас талаптар Ресей Федерациясында РФ Көлік министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 301 бұйрығымен және "Үшінші мемлекеттердің жүктерін халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау ерекшеліктерін бекіту туралы" РФ Көлік министрлігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 259 жаңа бұйрығында белгіленген болатын. Ресей Федерациясында осы норманы бұзғаны үшін 150 000 рубль көлемінде айыппұл қарастырылған.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда орын алған геосаяси жағдайға байланысты жақын арада ресейлік және беларусьтік уәкілетті органдармен қазақстандық тарапты хабардар етпей, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талаптардың әрекет етуі тоқтатыла тұрған.

Осыған байланысты Қазақстанда "қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап қолданыста екенін айта кеткен жөн.

"2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан мен РФ Үкімет басшыларының кездесуі барысында "қайта тиеуге" тыйым салу талаптарының әрекет етуін тоқтата тұру туралы хабарламаны талқылағаннан кейін, Қазақстан тарапы түсіністік танытып, орын алған жағдайды тиімді шешуді ұсынды. "Қайта тиеуге" тыйым салу туралы талап келесі жылдың басына дейін беларусьтік және ресейлік тасымалдаушыларға да қатысты қолданылмайды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей Федерациясының құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдары тиісті консультациялар жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша өзара қолайлы шешімдер қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында Үшінші елдерге/елдерден халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қойылмайды. Аталған мақсаттарда рұқсат беретін арнайы құжат алу қажет.

Бүгінде Қазақстан Республикасында Қазақстаннан Еуропа елдеріне жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін 40-қа жуық компания тіркелген. Онда көлік құралдарының жалпы паркі 3 мың бірлікті құрайды.

Серіктес жаңалықтары