$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда нәресте өлімінің көрсеткіші 8,6 пайызға артты

2022 жылғы 1 қаңтар бойынша мүгедек балалардың жалпы саны – 98,2 мың

Қазақстанда нәресте өлімінің көрсеткіші 8,6 пайызға артты
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық балалар тыныс алу ағзаларының ауруларымен және ас қорыту ағзаларының, сол сияқты жүйке жүйесінің ауруларымен жиі ауырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Үкімет отысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы балалар денсаулығына қатысты баяндама жасады.

Оның сөзінше, 2021 жылы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға артты.

«Нәрестелер өлім-жітімі себептерінің жалпы құрылымында перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайдың жетекші себептерінің 2,3%-ға өсуі байқалады, инфекциялық аурулар 2,6%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 қаңтар бойынша мүгедек балалардың жалпы саны – 98,2 мың, 2020 жылы – 94,6 мың, ал 2019 жылы – 91,6 мың. Жалпы мүгедектік құрылымында негізінен 29%-ы нерв жүйесінің аурулары, 26,4%-ы туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар, 17,5%-ы психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстарын құрайды», - дейді министр.

Оның сөзінше, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда ең маңыздысы жүктілік кезеңінен бастап, яғни ана құрсағында, әрі қарай балалардың өсіп-даму кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай жүйелі стратегиясымен тактикасын айқындау.

«Сондықтан, алдымен бүгінгі таңда жүкті әйелдерде ұрықтың ағзалары мен жүйелерінің ақауларын анықтауға арналған пренаталдық скринингпен қамту толықтай жүргізіледі, ол 85,4%-ды құрайды. Жаңа туған нәрестелердегі денсаулық кемістігі құрылымында ағзалар мен жүйелердің ақаулары 96,3%, хромосомалық әртүрлі бұзылулар 3,7% құрайды. Туа біткен ақаулардан болатын өлім-жітім нәрестелер өлімінің себептері құрылымында екінші орын алады және төмендеу үрдісі жоқ», - дейді Ажар Ғиният.

Баяндамада айтылғандай, бұл ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында – 15, Алматы облысында – 13. Ал Ақмола облысында маман жетіспейді. Республика бойынша пренаталдық скринингке арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жарақтандырылуы 67%-ды құрайды. Әсіресе, Түркістан (қажеттілік 28), Алматы (26), Батыс Қазақстан (14), Қарағанды (10) облыстарында құрылғылармен жабдықтау деңгейі төмен.

Серіктес жаңалықтары